Сенат «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

8 Желтоқсан 2022, 13:58
889
Бөлісу:
Сенат  «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң жобасы жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген.

Заң жобасында экспорт, импорт, транзит, кері экспорт, эксаумақтық кері экспорт және эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсету мәселелері реттеледі. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне физикалық бақылауды жаңғырту; лицензия беру кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылға көшу, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреттерін, оның ішінде экспортты жүзеге асыру кезінде ақпаратты жинау жөніндегі құзыреттерін күшейту; Қазақстан Республикасының заңнамасына қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты кезінде тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ осы саладағы өзге де ерекшеліктерді енгізу жобаның жаңалығы болып отыр.

Заңның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың тиімді тетігін жасауға, онымен байланысты тәуекелдерді жоюға, сондай-ақ отандық экономиканың халықаралық байланыстар жүйесіне кірігуіне жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындаған. Атап айтқанда: 

- мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру жөніндегі құзыреті айқындалады;

- шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарларды әкету мерзімі енгізіледі;

- Үкіметтің өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың айналымын шектеуге бағытталған шаралар қабылдау құқығы нақтыланады;

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерін орындау кезінде жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын әкеткен және әкелген жағдайда өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде алып қоюлар көзделіп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы