Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сенат маңызды заңдар топтамасын соңғы талқылауға әзірлеп жатыр

27 Қараша 2025, 15:28
414
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Биыл Сенат бірқатар аса маңызды заңнамалық бастамаларды қарауды аяқтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олардың қатарында – Құрылыс кодексі, Банктер туралы заң, Цифрлық кодекс, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларын сертификаттау және инфекциялық қауіпсіздікке қатысты заңдар бар. Қазір комитеттер мен жұмыс топтарында талқылаулар қарқынды жүріп жатыр, негізгі заңдарды мерзімінде қабылдау үшін қызу жұмыс жүргізілуде.

Құрылыс кодексі, Банктер туралы заң, Цифрлық кодекс және басқа да маңызды заңдар өте мұқият әрі белсенді жұмысты талап етеді. Біз бастамалық кодекске енгізілетін нормаларды талқылауды аяқтап қалдық. Сенаттағы процестерді жіті бақылап отырмыз және қалған мерзімде осы заңдарды қабылдап үлгеру үшін бар күшімізді салып жатырмыз, — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кулуарда берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жаңартылған Парламент төрағасы қызметіне сайлану мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы