ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергия желілерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заң қабылданды

9 Қыркүйек 2021, 10:47
2366
Бөлісу:
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергия желілерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

Армения 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. Оны барлық мүше мемлекет ратификациялады. 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения одақтың толық мүшесі болды. Одаққа мүше мемлекеттердің аумағы бойынша Армения тарапынан электр энергиясын мемлекетаралық беру, өзара қарым-қатынастарын реттеу шеңберінде хаттама әзірленді. Оның мақсаты - Армения Республикасының шартқа қосылуына байланысты одақ елдері арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасын айқындау, - деді Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов.
Айтуынша, хаттама жобасы 2017 жылғы 3 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің өкімімен мақұлданды.
Хаттаманы ратификациялау, баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға Арменияның қосылуын ескере отырып, одаққа мүше мемлекеттердің энергия желілерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, - деп айтты вице-министр.
Қайрат Рахымов атап өткендей, бүгінгі күні хаттаманы Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей елдерімен ратификациялады.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік экономикалық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды. Мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді.

Депутаттар заң жобасын қабылдады.

Осыған дейін Есеп комитетінің мүшесі Сенаттағы қызметінен босатылғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы