Сенатта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде еліміз Дүниежүзілік банк тобымен 30 жылдан астам уақыттан бері ынтымақтастық орнатып, көлік, білім беру, экология, цифрландыру және қаржы бағыттарында 50-ден астам жобаны жүзеге асырып келеді.
Соның ішінде ең ауқымды бастамалардың бірі – көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған жобалар. Мысалы, бүгінге дейін іске асқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі аясында жалпы ұзындығы 8 445 шақырымды құрайтын жол салынды, оның 2 787 шақырымы Қазақстан аумағына тиесілі. Осы жобаның бір бөлігі ретінде ұзындығы 304 шақырым болатын «Алматы – Қарғос» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Оңтүстік – Батыс» бағытындағы автожолдарды дамыту да аталған халықаралық дәліз жобасының маңызды құрамдас бөлігі саналады.
Осындай ірі жобаларды тиімді әрі жедел жүзеге асыру үшін еліміз Дүниежүзілік бан Бұл Келісім жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге, мемлекеттік шығыстарды басым жобаларға қайта бөлу арқылы бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, келісім мемлекеттік кепілдікпен берілетін қаржыландыру құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады және бұл ұзақ мерзімге (35 жылға дейін) берілетін жеңілдетілген қаржыландыру түрі болып саналады. Сонымен қатар келісімде, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында Дүниежүзілік Банктің саясаты мен қағидаларын, экологиялық және әлеуметтік стандарттарды және басқа да талаптарды қолдану көзделген, - деп атап өтті сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.
Аталған келісім жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге, мемлекеттік шығыстарды басым жобаларға қайта бөлу арқылы бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.