Сенат депутаттарына кандидаттарды ұсыну аяқталды

15 Желтоқсан 2022, 15:35
1409
Бөлісу:
Сенат депутаттарына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мәселесі айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күні кеше 18:00-ге дейін Сенат депуттаттарына өтінім қабылдау тоқтатылды. Сәйкесінше, әр аймақтағы Орталық сайлау комиссияларының төрағалары осы мәселе туралы баяндама жасады.

Астана қаласы аумақтық комиссиясының төрайымы Ғаиза Бектемісова кандидаттардың барлығы өз-өзін ұсынғандар екенін айтады.

Астана қаласы бойынша  Парламент сенатының депутаттағына өз кандидатурасы ұсыну бойынша 10 адамнан ұсыныс келіп түсті. Олардың - алтауы ер адам, төртеуі әйел адам. Кандидаттардың 8-і барлық талапқа сай, екеуі сәйкес емес деп танылды, - деді.

Айгүл Қалықова Алматы облысы бойынша мәліметтерді ұсынды.

Алматы облысы бойынша 10 адамнан ұсыныс келіп түсті. Олардың ішінде төртеуі - жеке тұлғалар, біреуі - әкімшілік қызметкері және заңгерлер де бар. Орташа жас - 43 жас. Күні кеше кандидаттарды ұсынып, тіркеу аяқталды, - деді ол.

Шымкент қаласы аумақтық комиссия төрағасы Қайырбек Көбекұлы қанша адамнан ұсыныс түскенін айтты.

Шымкент қаласы бойынша  6 адамнан ұсыныс келіп түсті. Оның бесуі-ер адам, біреуі-әйел. Олардың орта жасы 49-ды құрады. Олар - заңгер, мұғалім, экономистер, - деді ол.

Абай облысы бойынша ақпарат берген аумақтық комиссия басшысы Наталья Анатолиевна былай дейді.

Сенат депуттаттығына Абай облысы бойынша 8 адамнан ұсыныс келіп түсті. Олардың ең жас мөлшері - 39-ды, ал ең үлкен кандидаттың 72-де, - деп атап өтті ол.

Ақмола бойынша депутаттыққа 5 адам өз кандидатурасын ұсыныпты.

5 адам өз кандидатурасын ұсынды. Олардың ішінде екі ер, үш әйел. Қызметтері бойынша: ауыл шаруашылық қызметкері - 2, экономист - 1,мұғалім - 1, экономист - 2. қазіргі таңда үш кандидат тіркелді, - деп ақпарат берді  Манарбек Айдарбекұлы.

Атырау облысы бойынша да 5 адам кандидатурасын ұсыныпты.

Атырау облысы Сенат депутаттығына кандидаттыққа 5 адам өз кандидатурасын ұсынды.Оларды тіркеу қазіргі таңда қарқынды жүргізіліп жатыр, - деді Азамат Мақсұтұлы.

Жамбыл облысы бойынша да ақпарат берілді.

Жамбыл облысы бойынша - 5 кандидаттан өтінім келіп түсті. Барлығы ер азаматтар. Орта жасы - 47, -  деді Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Оразақұлы.

Сондай-ақ, баяндама жасаған Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Қаршығаұлы кандидаттарды тіркеу жұмыстары басталғанын айтты.

Облыс бойынша 7 өтініш түсті. Оның алтауы өз-өзін ұсынғандар. Орташа жасы - 51. Мамандығы бойынша заңгер, оқытушы, экономистер бар. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну аяқталды, - деді ол.

Сөз алған Ғалым Қонақбайұлы Қызылорда облысы бойынша мәліметтер берді.

Қызылорда облысы бойынша 8 азаматтан өтініш келіп түсті. Кандидаттардың барлығы ер азаматтар. Орташа жас - 49. Сайлау науқаны бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі, - деді ол.

Осылай басқа өңірлер де отырыс барысында баяндама жасап, ақпараттар берді. Алдағы уақытта кандидаттар толық тіркеліп, күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау науқаны өткізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы