Сенат депутаттары МӘМС-тің алғашқы нәтижесімен танысты

15 Қаңтар 2020, 02:38
2083
Бөлісу:
Сенат депутаттары МӘМС-тің алғашқы нәтижесімен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сондай-ақ сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов депутаттардың өңірлерге сапары аясында Қарағанды облысында болды. Бұл туралы жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ негізгі нысандарын, атап айтқанда, №3 домна пеші мен №1 табақша металды илемдейтін цехты аралау барысында Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары кәсіпорынның қызметімен және жұмысшылардың еңбек жағдайымен танысты.

Кәсіпорын басшылығымен, кәсіподақ ұйымының өкілдерімен мазмұнды әңгіме өтті, онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік қуаттарды жаңғырту, еңбекшілердің мүдделерін ілгерілетудегі кәсіптік одақтардың рөлін нығайту мәселелері талқыланды. Сенат вице-спикері Асқар Шәкіров қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындауда, оның ішінде қызметкерлерді құқықтық қорғауды қамтамасыз етуде, жұмыс берушілермен сындарлы диалог жүргізуде кәсіподақ ұйымдарының рөлі жеткіліксіз екенін атап өтті. Белгілі алаңдаушылық кәсіпорында апаттылық пен жарақаттанудың жиілеп кеткен жағдайларына қатысты туындайды, сондай-ақ жабдықтың дұрыс емес жай-күйіне байланысты өндіріс көлемінің төмендеуін тудырады.

Сенат депутаттары кәсіпорын басшылығының назарын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген халықтың әл-ауқатының қоршаған орта сапасымен тығыз өзара байланысын және зиянды қалдықтарды азайту үшін қазіргі заманғы технологияларды енгізу қажеттігіне аударды. 

Жалпы, "АрселорМитталТеміртау" АҚ аралау барысында жасалған қорытынды бойынша оның жұмысындағы негізгі басымдықтар ретінде кәсіпорынды дамытудың тұрақты траекториясына шығару, өндіріс параметрлері мен бәсекеге қабілеттілікті жақсарту, Теміртау қаласындағы экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдауға бөлу керектігі айтылды. 

Сондай-ақ, депутаттар Қарағанды медициналық университетінің клиникалық базасы - №1 көпбейінді ауруханаға барып, онда стационар жағдайында медициналық қызмет көрсетудің мультидисциплинарлық жүйесімен танысты, жалпы аймақтағы клиникалық мамандықтарды кадрлармен қамтамасыз ету деңгейімен, көпфункционалды денсаулық сақтау мекемелерінің техникалық жабдықталуымен танысты.

"Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасы Раушан Досмағамбетова сенаторларды ЖОО-ның жаңа білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ фармацевтикалық білім беру мен медициналық менеджментті жаңғырту жөніндегі жобалармен таныстырды.

Депутаттардың аурухана қызметкерлерімен және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуі барысында азаматтардың мамандандырылған медициналық көмек алуға, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Мемлекеттік және стратегиялық бағдарламалар шеңберінде республикада медициналық қызмет көрсетудің жаңа форматына көшу, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс істеуін оңтайландыру, сондай-ақ медициналық білім беруді жетілдіру жүзеге асырылуда. 

Кездесу барысында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша заңнамалық жаңашылдықтарды талқылау маңызды орын алды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап МӘМС жүйесін пилоттық сынақтан өткізу Қарағанды облысының медициналық ұйымдарында жүргізілді. Депутаттарға осы жобаның нәтижелері көрсетілді. 

Жұмыс сапарының келесі нысаны Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы болды. Оқу орнының басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу барысында құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша пікір алмасу өтті, оған сәйкес "Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы" қабылданды. 

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының қойған полицияны мемлекеттің күштік құралынан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету органына айналдыру жөніндегі маңызды міндеті аясында басымдықты мәселелерді талқылады. 

Академия бастығы Ақынқали Дәрменов тәжірибеге бағытталған оқу бағдарламалары мен арнайы курстарға енгізілетін жаңалықтар туралы баяндады. 

Әңгіме барысында сенатор Асқар Шәкіров ҚР ІІМ Қарағанды академиясы кадрларды кәсіби даярлаудың маңызды ведомстволық жүйесінің бірі болып табылатынын атап өтті. Жоғары оқу орнының қалыптасқан беделіне қолдау көрсету, соның ішінде қылмысқа қарсы күрес саласындағы әлемдік сын-қатерлерді ескере отырып, оның қызметін жетілдіре отырып, сондай-ақ азаматтардың сенімін тудыратын полиция бейнесін қалыптастырудағы қазіргі заманғы трендтермен қолдау маңызды екені айтылды. 

Депутаттар өз сөздерінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процестің репрессивтілігін және жазалауды орындау жүйесін одан әрі ізгілендіру және төмендету мәселелері туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы