Сенат биылғы республикалық бюджетке түзетулер енгізуге қатысты заңды қабылдады

16 Наурыз 2023, 12:58
576
Бөлісу:
Сенат биылғы республикалық бюджетке түзетулер енгізуге қатысты заңды қабылдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң жобасы биыл ақпандағы 2023 жылға арналған бюджетті нақтылауға байланысты әзірленген. 

2023 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының негізгі параметрлері бұрын мақұлданған деңгейде сақталды. Ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі – 4,0%; Brent маркалы мұнай бағасы – барреліне 85 доллар; мұнай өндіру көлемі – 92,6 млн тоннаны қүрады. Сондай-ақ өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, құрылыстың, сауданың, көлік пен қоймалаудың өсу болжамдары сақталып отыр. Экспорт көлемі 80,9 млрд доллар деңгейінде, импорт –  45,7 млрд доллар деңгейінде сақталды, - деп атап өтті Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов. 

Айтуынша, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 7,5-9,5 пайыз шегінде қалады.

Республикалық бюджетті нақтылауға Мемлекет басшысының Жолдауы мен Сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету, сондай-ақ Президенттің жекелеген тапсырмаларын, оның ішінде өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындылары бойынша тапсырмаларын іске асыру міндеті жүктеліп отыр.

Жалпы, салықтық түсімдер бойынша болжам 14 279,0 млрд теңге сомасында, салықтық емес түсімдер бойынша 352,0 млрд теңге сомасында айқындалды.

2023 жылға арналған трансферттер түсімдері бойынша нақтыланған болжам 800,0 млрд теңгеге ұлғаюмен 4 432,0 млрд теңге сомасында айқындалды.

Бюджеттік кредиттерді өтеуден түсетін түсімдердің болжамы 9,0 млрд теңгеге азайтылып, 244,0 млрд теңгені құрайды.

Республикалық бюджет шығысының жалпы сомасы 2 184,0 млрд теңгеге ұлғайтудың негізгі бағыттары мынадай басымдықтарға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы