Сенат басымдықтарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге дайын – Әшімбаев

1 Қыркүйек 2022, 13:33
1164
Бөлісу:
Сенат басымдықтарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге дайын – Әшімбаев

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламенттік маусымның кезекті сессиясын ашып, жаңа Жолдау жариялады. Жолдауда ел дамуының басым бағыты мен алдағы мақсат-міндеті белгіленген. Биылғы Президент Жолдауы конституциялық реформаларды іске асыруға, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Экономиканың жүйелі түрде әртараптандыру, халықтың жағдайын арттыру бойынша жаңа бастамалар көтерілді, - деді Әшімбаев. 

Сенат төрағасы Парламентке бірқатар заңнамалық міндет жүктелгенін айтты. 

Көтерілген мәселелерді іске асыру үшін алдағы жұмыста ауқымды жұмыс тұр. Сенат белгіленген басымдықтарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жүргізуге дайын. Бұл – біздің басты мақсатымыз. Мәжіліс пен Үкіметпен бірлесіп сапалы заңдарды қабылдауды қамтамасыз етуіміз керек, - деді ол. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті Жолдауын жариялады. Онда Президент әлеуметтік және саяси бастамаларды ұсынды. 

Өзгелердің жаңалығы