Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады

8 Қыркүйек 2022, 10:53
992
Бөлісу:
Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады

Сенаторлар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы туралы айтты. 

Заң жобасы қолданыстағы заңнаманың қайшылықтары мен коллизияларын, оның ішінде заңдық сипаттағы қайшылықтарын жою, уәкілетті органның, республикалық палаталардың өкілеттіктерін кеңейту, сондай-ақ Заңның жекелеген ережелерін Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларымен біріздендіру мақсатында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған, - деді ол. 

Министрдің айтуынша, егер оларды жүйелейтін болсақ, мынадай тармақтарды бөліп көрсетуге болады.

Уәкілетті органның құзыретін кеңейту керек. Атап айтқанда, 13-бапта уәкілетті органның құзыреті мынадай өкілеттіктермен толықтырылады: жануарларды индекстік бағалауды жүргізу ережелерін әзірлеу және бекіту, жануарларға молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту, геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту, - деді ол. 

Қарашөкеевтің айтуынша, қазіргі уақытта бізде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу бойынша негізгі жұмыстар тиісті республикалық палаталарға берілді.

 Өткен жылдардың тәжірибесі олардың өкілеттіктерін одан әрі кеңейту және сол арқылы олардың неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау қажеттігін көрсетті, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы