Сенат 3 жылдық бюджетке арналған заңды Мәжіліске қайтарды

10 Қараша 2022, 10:07
838
Бөлісу:
Сенат 3 жылдық бюджетке арналған заңды Мәжіліске қайтарды

Бүгін өтіп жатқан Сенаттың жалпы отырысында алдағы 3 жылдық бюджетке арналған заң жобасына түзетулер енгізіліп, Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023–2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын қарауға Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері, Ұлттық Банк өкілдері, депутаттар мен Сенат аппараты қызметкерлері қатысқан. 

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес әзірленді. Оған сәйкес жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттері арасында жылдар бойынша бөлініп, үш жылдық кезеңге абсолютті түрде белгіленеді. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 

2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерістерді Сенат отырысының қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 5-тармағына сәйкес оларды Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынады, - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Тұрымов. 

Өзгелердің жаңалығы