Сен «низкий поступок» жасадың. Ильин қазақша ақпарат алғысы келген журналиске осылай жауап қайтарған

6 Қазан 2022, 14:35
12503
Бөлісу:
Сен «низкий поступок» жасадың. Ильин қазақша ақпарат алғысы келген журналиске осылай жауап қайтарған

«Низкий поступок» жасап келдім. Отандық спортшылардың жиынына қатысқан Хабар 24 журналисі Аслан Қаженов өзінің ана тілінде ақпарат ала алмай, қорлық көргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ұйымдастырылған іс-шарада 90 пайыз қазақстандықтар отырғанымен, жиын толықтай орысша өткен.

Артынан «неге қазақша ақпарат бермейсіздер?» деп, ұйымдастырушылардың мазасын алып жүрсем, бұрышта отырған Илья Ильин «сенің жасап жүргенің низкий поступок» дейді. Төменсің дегені ғой. Өзім солай қабылдадым. Ауылдан шығып алып, неге әңгіме айтып тұрсың деген сияқты болды. Ана жерде қан басқа шапты. Мен өз елімде  өз тілімде ақпарат ала алмай аузым ұрылып тұрғанда мақтаулы ауыр атлетіміз осылай сөзбен айтып қалды. Не деген сорлымыз? Расымен де сондай болып тұрмыз ғой, – деп жазды Аслан Қаженов.

Еске сала кетейік, биыл  Оқу-ағарту министрлігі қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылданды. 

Сондай-ақ, қазақ тілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі. Ал ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы