«Сен мұғалімсің бе?»: Түркістан облысында мектепте шу шықты

Сарыағаштағы мектепте қоғам белсенділері мен қызметкерлер сөзге келіп қалған видео тарады.

2 Қыркүйек 2026, 18:04
АВТОР
 видеодан скриншот 2 Қыркүйек 2026, 18:04
2 Қыркүйек 2026, 18:04
128
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы білім беру ұйымдарының бірінде қоғам белсенділері мен мектеп қызметкерлері арасында ауызша пікірталас болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Басқарма мәліметінше, жағдайға байланысты Сарыағаш аудандық білім бөлімі мектепте зерделеу жұмыстарын жүргізген. Оның барысында 1 қыркүйекте мектепке қоғам белсенділері келгені анықталған.

Мектеп қызметкерлері келген азаматтардың кім екенін және білім беру ұйымына қандай мақсатпен келгенін анықтау үшін сұрақ қойған. Осы кезде тараптар арасында өзара түсініспеушілік туындап, ауызша пікірталас болған. Пікірталас барысында қызметтік әдеп талаптарына сәйкес келмейтін сөздер айтылған.

Осы жағдайдан кейін тараптар ішкі істер органдарына тиісті өтініштер жолдаған. Қазір мәселе құзырлы органдардың қарауында. Сондықтан оқиғаға құқықтық баға беру олардың құзыретіне жатады.

Білім басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта мектептегі жағдай тұрақты. Оқиғаға байланысты мектеп директоры мен педагогтерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қарым-қатынас мәдениетін ұстану және білім беру үдерісіне қатысушылармен өзара сыйластық негізінде жұмыс істеу бойынша түсіндіру жүргізілген.

Басқарма білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі тұрақты ахуалды қамтамасыз ету және педагогтердің кәсіби және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дамир Кушеев (@damir_za_mir_kz)

Наверх