Семейлік оқушы АҚШ-тың Пенсильвания университетінен шақырту алды

8 Сәуір 2022, 17:31
1582
Бөлісу:
Семейлік оқушы АҚШ-тың Пенсильвания университетінен шақырту алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Далила Гафар Шыр­мауық ли­гасына («Лига плюща») мүше АҚШ-тың Пенсильвания университетіне шақырту алды, деп хабарлады altaynews.kz.

Тарихы 1740 жылдан басталатын көне оқу орнынан қуанышты хабар естіген шәкіртіміз бен оның ұстаздары үлкен қуаныш үстінде жүр.

Далила - мектептегі озат шәкірттердің бірі. Алтын белгіге үміткерлердің қатарында. Болашағын заң және бизнес саласымен байланыстыруды жоспарлап отырған ол әлемдік рейтингі жоғары оқу орнында білім алуды армандаған.

Өзге қатарластарым сияқты менде өзімнің келешегіме қажетті мамандық бойынша дәріс беретін көптеген оқу орындарына құжат тапсырдым. Басым көпшілігі – АҚШ пен Канада мемлекеттерінде орналасқан университеттер. Солардың алғашқысы болып Филадельфия қаласындағы Пенсильвания университетінен шақырту келді. Өте қуаныштымын. Осы оқу орнында құқық пен бизнес салаларын қамтитын құқық негіздері мен бизнес этикасы (legal studies and business ethics) деген ерекше мамандық бар. Бұл маған қажетті мамандық. Бакалавриат бітірісімен, заңгерлік ғылымдар докторы мамандығында оқуымды жалғастырғым келеді. Сонымен қатар, АҚШ¬-та заңгер болып тәжірибе жинақтауды мақсат етіп отырмын, -дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Далила Гафар. 

Шыр­мауық лига­сы­на («Лига плюща») енетін уни­вер­ситеттер білім са­па­­сының жоға­ры­лығымен ерек­ше­ленеді. Олар: Браун, Гарвард, Дартмут колледжі, Йель, Колумбия, Кор­нелл, Пен­силь­вания және Прин­стон уни­вер­ситеттері.

Өзгелердің жаңалығы