Семейдің автобустарында электронды төлем іске қосыла бастады

28 Қазан 2019, 13:36
1548
Бөлісу:
Семейдің автобустарында электронды төлем іске қосыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдегі №5 автобуста көлік картасымен төлем жасалады, деп хабарлады Алтайньюс.  

"Жол ақысын үш жолмен төленеді. Көлік картасын кондуктордан 400 теңгеге сатып алуға болады. Жолаушы картадағы теңгерімді кондуктордан немесе терминалдан толтыра алады. Жол жүру ақысын төлеу үшін картаны валидаторға салу жеткілікті. Нәтижесінде "Төлем сәтті жасалды" деген жазу шығады", - делінген таратылған ақпаратта.
Екінші тәсіл Avtobys қосымшасы арқылы төлеу. Төлемді банк картасы немесе ұялы телефонның теңгерімінен төлеуге болады. Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, бүгінде қала тұрғындарының көпшілігі жолақыны бұрыңғыдай ескі тәсілмен төлеп жүр. Осы уақытқа дейін 224 карта сатылды. 



Өзгелердің жаңалығы