Семейдегі ыстық су мәселесі қашан шешіледі?

23 Маусым 2022, 11:35
1366
Бөлісу:
Семейдегі ыстық су мәселесі қашан шешіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап беру барысында айтты. 

Оның мәлімдеуінше, өңірдің жаңа басшысы ыстық су проблемасын шешуді қолға алған. Семейде жылу-электр орталығы салынуы мүмкін деп отыр. 

Семей қаласының кейбір аудандарында ыстық су бар екенін айтсам деймін. Ыстық су мәселесіне қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кеше Мемлекет басшысының алдында да №3 жылу-электр орталығын салу туралы мәселені талқыладық. ЖЭО-ның құрылысы бітсе, қалада жыл бойы ыстық су болады, - деді Нұрлан Ұранхаев Үкіметтің кулуарында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысының әкімі аймақтың әл-ауқатын көтеретінін  айтқан болатын. Өңір басшысы  экономикаға инвестиция тартып, ауыл шаруашылығына басымдық береміз деп отыр. Бұрынғы Семей облысы аграрлық бағытта, мал шаруашылығымен, атап айтқанда, қой шаруашылығымен айналысқаны белгілі.

Нұрлан Ұранхаев жаңа облыстың әкімі болып 11 маусым күні тағайындалды. Ал Абай облысының құрамына Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар ауданы мен Семей және Курчатов қалалары кірді. 

Өзгелердің жаңалығы