Семейдегі мекемелердің біріне миллион теңге айыппұл салынды

10 Наурыз 2021, 16:11
1652
Бөлісу:
Семейдегі мекемелердің біріне миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының мекемелерінің бірін тексеру барысында ШҚО Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектінің инженерлік-техникалық нығайтылуы талаптарға сай келмейтінін анықтаған, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тексеру барысында бірқатар өрескел кемшіліктер анықталғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, бақылау-өткізу пунктінде, күзет үй-жайында, сондай-ақ, күзет дабылы жүйесінде, рұқсатты басқаруды бақылау жүйесінде, жедел байланыс жүйесі мен хабарлау және күзет жарықтандыру жүйесінде бұзушылықтар табылған.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты акционерлік қоғамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарды 30 жұмыс күні мерзімі ішінде жоюға ұйғарым шығарылды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Семей қаласының әкімшілік сотының шешімімен АҚ объектісіне 1 095 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деді ШҚО ПД  бастығы Сағат Мадиев.


Өзгелердің жаңалығы