Семейдегі фтизиопульмонология және оңалту орталығында төсек-орын саны артты

25 Шілде 2021, 05:33
1623
Бөлісу:
Семейдегі фтизиопульмонология және оңалту орталығында төсек-орын саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдегі фтизиопульмонология және оңалту орталығында КВИ науқастарына арналған қосымша 300 инфекциялық төсек-орын орналастыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Байахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгінгі таңда балаларды қабылдай алатын жаңа жұқпалы аурулар стационарының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханаларының ғимараттары кеңес заманында салынған және жөндеуді талап етеді, - дейді шаһар басшысы.

Айта кетсек, орталық базасындағы жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 науқастарын дұрыс емдеу және оларға күтім жасау үшін қажеттінің бәрі бар. Аурухана қызметкерлері вакциналарды толық көлемде алған.

 


Өзгелердің жаңалығы