Семейде жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенді

Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған, зардап шеккендер жоқ7

 скрин 7 Қараша 2026, 08:54
7 Қараша 2026, 08:54
118
Фото: скрин
Семейде жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама түскен соң, өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 6 қарашада Қаржаубайұлы көшесінде болған. Жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде өртенген.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілер бірден сөндіру жұмыстарына кірісіп, жалынды қысқа уақыт ішінде толықтай ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Наверх