Семейде жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті

22 Маусым 2023, 04:22
629
Бөлісу:
Семейде жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті
Фото: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бұл туралы Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан автобустың видеосы тарады.

Instagram-дағы go_semey_ парақшасы оқырмандарының жолаушылар көліктен шығып үлгергенін жазды.

Семейде Шұғаевт көшесінде автобус өртеніп жатыр деген хабарлама "101" пультіне сағат 8:50-де түскен.

Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ автокөлігі жүріп бара жатқанда қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, салонның ішкі қаптамасы, отырғыштары мен кузовы жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метр болды. Өрт тезарада сөндірілді,– деп хабарлады Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі – қауіптілігі жоғары агрегатқа салғырт қарау.

Өзгелердің жаңалығы