Семейде жолаушылар мінген автобус аударылды

21 Маусым 2022, 05:20
1322
Бөлісу:
Семейде жолаушылар мінген автобус аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөл-Семей тасжолында жолаушылар мінген автобус аударылды. Жүргізуші ауруханаға түсті.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Апат 19 маусымда таңғы сағат 4:50 шамасында болған. 

"Семейдің Жарма ауданында Setra-S маркалы рейстік автобусының (Алакөл-Семей) 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трассадан шығып кетті. Оның салдарынан алондағы 13 жолаушы мен екінші жүргізуші зардап шекті.

Автобуста болған барлық адамға медициналық көмек көрсетілді, ал көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды", - делінген департамент хабарламасында.

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша бастады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы