Семейде жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты

31 Мамыр 2022, 07:34
1082
Бөлісу:
Семейде жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел жәрдем көлігімен болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатына 86 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі кінәлі. 

Kia-ның 86 жастағы жүргізушісі Алтай көшесінен Морозов көшесінің басты жолына шығып, бұрылу кезінде жол бермеген. Салдарынан жедел медициналық жәрдем көлігімен соқтығысты. Рөлде 55 жастағы жүргізуші болған, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Олардың барлығы оқиға орнында дәрігерлердің қарауынан кейін ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы