Семейде жаңа жағажай ашылады

22 Мамыр 2021, 23:09
1741
Бөлісу:
Семейде жаңа жағажай ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында алдағы жазда жаңа жағажай ашылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жағажайдың орны да анықталған.

Жағажай сол жағалаудағы Мелькомбинат ауданында болады. Қазір құжаттама тиісті органдарда келісуден өтіп жатыр, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Семейдегі орталық саябақ Халықаралық балаларды қорғау күнінде, яғни 1 маусымда ашылады деп жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы