Семейде суды пайдалануға қатаң тыйым салынады

16 Маусым 2023, 09:45
538
Бөлісу:
Семейде суды пайдалануға қатаң тыйым салынады
Фото: Артём Чурсинов - архив

21-22 маусамда Семей қаласында сумен жабдықтау жүйелері мен су желілеріне бір мезгілдік дезинфекциялау жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Құрметті тұрғындар! «Семей Водоканал» МКК-ны қаланың сумен жабдықтау жүйелерімен су желілерін бір мезгілдік дезинфекциялауға байланысты 2023 жылдың 21 маусымында сағат 20.00-ден 22 маусымның 06.00 сағатына дейін қаланың ОҢ және СОЛ ЖАҒАЛАУЛАРЫНДА, ауыз су беру уақытша тоқтатылатындығын ескертеді. Көрсетілген мерзім ішінде құбырларда су болған жағдайда да суды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Қала тұрғындарынан, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларынан өрт сөндіру мен қалыпты жұмыс атқаруға жеткілікті жағдай жасап қажетті тәуліктік су қорын дайындап алуларын өтінеміз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы