Бүгін сайлау күні Семей қаласының Неке сарайында жас отбасы үлкен өмірге қадам басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар дәл осы күні үйленуді 3 ай бұрын жоспарлаған екен.
Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы датамен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз. Осы күнді Наурыз мейрамына орайластырып таңдаған болатынбыз. 5-10 жыл өткеннен кейін сайлау күні шаңырақ көтерген едік деп еске алып отыратын шығармыз, - дейді жас отбасы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, сайлау күні қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде -19 жабық сайлау учаскесі.Жабық сайлау учаскелері - қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т. б. азаматтар үшін жұмыс істейді.