Семейде сауда үйінің жанынан ер адамның мәйіті табылды

20 Мамыр 2024, 16:45
1541
Бөлісу:
Семейде сауда үйінің жанынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: Polisia.kz

Ер адамның денесі Семей қаласының Глинка көшесі 25а мекенжайында орналасқан сауда үйлерінің бірінің жанынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам есінен танып қалды. 

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы