Семейде рұқсатсыз пиротехникалық тауар сатқандар ұсталды  

23 Желтоқсан 2019, 10:17
2642
Бөлісу:
Семейде рұқсатсыз пиротехникалық тауар сатқандар ұсталды  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдің тәртіп сақшылары қаладағы пиротехникалық тауарлар сатылатын сауда орындарын тексеруде, деп хабарлады Altaynews.

17 желтоқсаннан бастап, Шығыста "Пиротехника" операциясы басталған болатын. Полицейлер мен ТЖД қызметкерлері бірігіп рейд жүргізіп, рұқсат қағазы жоқ және сертификатталмаған пиротехникалық тауарларды тәркілейді. Жедел алдын алу іс-шарасы 3 қаңтарға дейін жалғаспақ.
Операция кезінде заңсыз пиротехникалық тауар сатқан төрт факті тіркелді. Әкімшілік хаттама толтырылып, 250 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - дейді полиция қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы