Семейде құрылыс алаңында металл контейнерлер өртенді

Өрт аумағы 23 шаршы метрді құрады.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 14 Қараша 2026, 12:48
14 Қараша 2026, 12:48
131
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Семей қаласының Қарағайлы шағынауданындағы салынып жатқан ғимарат аумағында екі металл контейнер өртенді.

Өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жауды жедел сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, аумақты жанғыш материалдармен үйіп тастамауға және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауға шақырды.

Наверх