Семейде Қала күні тойланып жатыр

18 Қыркүйек 2022, 16:13
845
Бөлісу:
Семейде Қала күні тойланып жатыр

Семейде Қала күніне орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала күнін мерекелеу Абай марафонынан бастау алды. Ерлер мен әйелдер арасында 3, 5, 10 шақырым бойынша сыңға түсті. Жеңімпаздарды облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев және облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалардың басшылары марапаттады.

Сондай-ақ, қала күніне орай аспалы көпір астындағы қоғамдық орын ашылды. Онда уоркаут алаңы, скейт парк, паркур алаңдары жасалған. Көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Стритболға арналған спорттық аймақ, фитнес аймақ және балалар ойын алаңы. Ертіс жағалауына жақын маңда тамақтану павильондары жұмыс істейді. Оның бәріне жарық пен көше жиҺазы қойылған. Жалпы қала бойынша биыл 12 жаңа қоғамдық орындар жасалады.

Өзгелердің жаңалығы