Семейде өртенген пәтерден төрт бала құтқарылды

6 Қыркүйек 2022, 05:14
907
Бөлісу:
Семейде өртенген пәтерден төрт бала құтқарылды

Оқыс оқиға 5 қыркүйекте орын алды. Сағат 15:55-те облыстық ТЖД-ның кезекші пультіне Қарағайлы ықшам ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің ең жоғарғы қабатындағы пәтерлердің бірі отқа оранғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№2-ӨСБ өрт сөндірушілері дереу оқиға орнына аттанғанын айтты облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Пәтерде жекелеген заттар өртенген. Қызыл жалын шалған аумақ көлемі 2 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде пәтерде төрт бала болған.

Бақытқа орай, көрші көмекке келіп жетіп, кәмелетке толмаған балаларды құтқарды. 1986 жылғы ер адам балкондағы өрт сатысымен жоғары көтеріліп, пәтерге ене алған. Сөйтіп эвакуациялық люк арқылы балаларды 8-қабатқа түсірді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі балалардың облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін, онда олар толықтай тексеруден өткізілетінін жеткізді. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Өзгелердің жаңалығы