Семейде оқушы қыздар өз сыныптасын соққыға жықты

16 Сәуір 2023, 09:10
1550
Бөлісу:
Семейде оқушы қыздар өз сыныптасын соққыға жықты
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семейлік полицейлер жергілікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қаладағы мектептердің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салып жатқан видеосын анықтады. Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, оқиға 10 сәуір Семей қаласында болған.

15 сәуір осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды, - деп хабарлады полицейлер.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы Саты ауылында қайғылы оқиға болып, 10 және 11-сынып оқушылары қайтыс болған еді.

Өзгелердің жаңалығы