Семейде мереке күндері 430 қылмыс тіркелген

4 Қаңтар 2019, 13:36
1825
Бөлісу:
Семейде мереке күндері 430 қылмыс тіркелген

Астана, baq.kz. 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Семей полиция басқармасына 430 қылмыс пен түрлі оқиғалар тіркелген. Оның 63 аса ауыр қылмыс түріне жатады, деп жазады altaynews.kz.

«Оның ішінде бөтеннің мүлкін тонау 18 факті болса, 12 бұзақылық, 5 алаяқтық, 1 тонау, 6 денсаулыққа зиян келтіру істері тіркеліп отыр»,- деді Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов, 

Оның айтуынша полицейлер қылмыстың 60 пайызының ізін суытпай ашқан. Сондай-ақ мереке күндері облыста 21 жол көлік оқиғасы орын алды.

Бейнебақылау арқылы 2 қылмыстық іс, ұсақ тәртіп бұзушылыққа орай 40 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп отыр.


Өзгелердің жаңалығы