Семейде «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі басталды

28 Қаңтар 2019, 15:10
3299
Бөлісу:
Семейде «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі басталды

Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай Семейде «Ұлы даланың көне сарындары» жобасы бастау алды.

Оған елге танымал дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, Әділ Тұрғамбаев, Гүлдана Ноғайбаева, сондай-ақ, белгілі жыршы Алмас Алматов, термеші Жәкен Омаров, күйші Батыржан Мықтыбаев, Жетісу дәстүрлі ән мектебінің өкілі Шолпан Дәржанова сынды өнер майталмандары қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында халық ауыз әдебиеті мен әуездерін цифрландыру арқылы «жаңа тыныс» беріп, соның негізінде халықтың бай мұрасының маңызын арттыруды тапсырған-ды.  

«Нұр Отан» партиясы үлкен жобаны іске қосты. Еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі халық әуендері мен ұмыт болған әуендердің фестивалін өткізуді бастадық. Әр аймақтық өз ерекшелігін көрсетуді көздеп отырмыз. Ауқымды шараны Семей қаласынан бастауды жөн көрдік. Себебі Семей, қазақтың ұлы ұлдары Абай, Шәкәрімдер дүниеге келген өлке, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.

Айта кету керек, партия жобасы 15 қалада өтіп, қорытындысы Жетісу жерінде, Талдықорған қаласында шағырылады. 

Өзгелердің жаңалығы