Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталды.
Олардың барлығы Семей қаласының тұрғыны.⠀
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ПТР әдісі бойынша зертханалық талдаулар 12 адамнан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған тұлғалар ретінде тексеруден өткен. Ал 2 науқастан стационарға жоспарлы жатқызылу кезіндегі тексеруде, қалған 3 жағдай ЖРВИ және пневмония ауру белгілерімен түскен науқастарға мониторинг жасау барысында анықталды, - делінген хабарламада.Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
⠀
Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
⠀
Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
⠀
Осы уақытқа облыста коронавирусты жұқтырған 114 адам тіркелді.