Әуежайда ұзындыңы 3100 метр болатын ұшу-қону жолағын және перронды қалпына келтіру, жарық-сигналды жабдық және қонудың құрал жүйесінің глиссадтық радиомаягын орнату және қосалқы шаруашылық пен аэровокзалды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген.
Ұшу жолағы мен оған жапсарлас жатқан аумақты жөндеу жұмыстарына бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Енді аталған нысан халықаралық азаматтық авиация ұйымының барлық стандарттарына сай келеді.
Ені 45 метр және ұзындығы шамамен 2,5 километр болатын ұшу жолағын толықтай монолиттік бетонмен жапқан. Айта кету керек, бұл әуежайға 30 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген.