Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйіне газанализаторлар орнатылып жатыр. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
Семей Төтенше жағдай қызметі қала әкімдігімен бірлесуімен бүгінде 267 газанализатор сатып алынған. Арнайы құрылғылар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне орнатылатын болды. Мұндағы басты мақсат – өрттің алдын алу.