Семейде Хаскиді бауыздап өлтірген ер адам іздестіріліп жатыр

Қаскөй 50 тәулікке дейін түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Абай облысы Полиция департаменті 12 Маусым 2024 2024, 12:50
12 Маусым 2024 2024, 12:50
1732
Фото: Абай облысы Полиция департаменті

Сұмдық жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қатыгездікке барған қаскөй 50 тәулікке дейін түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Семей қаласы ПБ Әуезов аудандық полиция бөлімінің басшысы Әсет Асқаров аталған факті бойынша дереу сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында жануарға, атап айтқанда, "Хаски" тұқымды итке қатыгездік фактісі анықталды. Аталған факті бойынша дереу сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын және күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, - деп атап өтті Асқаров.

Наверх