Семейде балаларға мүшесін көрсеткен ер адам қамауға алынды

30 Мамыр 2023, 17:53
712
Бөлісу:
Семейде балаларға мүшесін көрсеткен ер адам қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде Семей тұрғындары үй кіреберісінде балаларға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамға шағымданды. Бүгін күдіктінің ұсталғаны хабарланды, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Абай облысы ПД 27 мамыр осы факті бойынша Әуезов ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны анықталды. Қазір толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша заңды процесстік шешім қабылданатын болады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы