Семейде балабақша өртенді

17 Ақпан 2024, 19:33
581
Бөлісу:
Семейде балабақша өртенді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін кешкі сағат 17:37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне Семей қаласы Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Өрт сағат 18.05-те оқшауланды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы