Семейде армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті

16 Қаңтар 2024, 05:43
353
Бөлісу:
Семейде армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогына Абай, Өскемен, Аягөз, Үшарал және Жаңғызтөбе гарнизондарынан 15 команда құрамында 150-ге жуық спортшы әскери қызметшілер қатысты.

Өңірдің кіл мықты спортшылары өнер көрсеткен тартысты дода әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қарулы күштердің XXI Спартакиадасы аясында өтті.

Чемпионаттың ашылу салтанатына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов қатысып, әскери қызметшілердің дайындығында қоян-қолтық ұрыстың маңыздылығын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогын 44736 (Семей қ.) әскери бөлімінің командасы олжалады. Екінші орын 27943 әскери бөліміне (Өскемен қ.), үшінші орын – 40398 әскери бөліміне (Үшарал қ.) берілді.

Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Александр Петряшин "Үздік спортшы" номинациясын иеленді.

Спорттық іс-шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінің директоры, самбодан екі дүркін әлем чемпионы Қайратбек Күнсафинге алғыс жарияланды.

Жарыс чемпиондары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар алдағы Қарулы күштерің чемпионатына жолдама алды.

Өзгелердің жаңалығы