Семейде ағаш кесу цехының аумағында өрт шықты

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 ТЖМ телеграм каналы 4 Қазан 2026, 04:10
4 Қазан 2026, 04:10
184
Фото: ТЖМ телеграм каналы

Семей қаласында Глинки көшесінде орналасқан ағаш кесу цехының аумағында өрт шықты.

ТЖМ өрт сөндірушілері оқиға орнына барып, ағаш материалдары жанған өртті сөндірді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы мен 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх