Семей полигоны аумағындағы экоқауіпсіздікті күшейтетін заң жобасы қолға алынды

1 Қыркүйек 2020, 13:07
3516
Бөлісу:
Семей полигоны аумағындағы экоқауіпсіздікті күшейтетін заң жобасы қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда бұрынғы Семей полигоны жерлеріндегі экологиялық қауіпсіздікті күшейтетін заң жобасы қолға алынды.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Қауіпсіздік Кеңесінің және ҚР Үкіметі басшылығының тапсырмаларына сәйкес әзірленді, - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасын қабылдаудың мақсаты бұрынғы Семей сынақ полигонының ластанған аумақтарында және оған іргелес жерлерде радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақты оңалту және полигон жерін пайдалану мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту болып табылады.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасында:

1. Бұрынғы Семей сынақ полигонының жерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда арнайы аймақ – «Семей ядролық қауіпсіздік аймағын» құру;

2. Радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;

3. Полигон аумағында тарихи қалыптасқан радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату жолымен Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту.

4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу көзделеді.

Заң жобалары ғылыми-құқықтық, ғылыми-экологиялық және ғылыми-экономикалық сараптамадан өткізілді.

Заң жобаларының ережелерін іске асыру өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталады.

Өзгелердің жаңалығы