«Семей орманындағы» өртке 8 тікұшақ пен 769 адам жұмылдырылды

 aprpress.com 17 Шілде 2026, 10:45
17 Шілде 2026, 10:45
145
Фото: aprpress.com

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өртін сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен Абай облысының әкімі Б.Уәли өрт аумағын әуеден бақылау мақсатында тікұшақпен ұшып өтті.

Жағдайды үздіксіз бақылау және жекелеген түтін ошақтарын басу жүргізілді. Түнде өрт сөндіру жұмыстары бүкіл периметр бойынша жүргізілді, өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін оның шетін күзетіп, сөндірді. Күн шыққан кезде, жету қиын жерлерді сөндіру үшін дереу өрттің ішкі жағына жаяу десант жіберілді. Сонымен қатар, ішкі өртке су тамызып, кең көлемді әуе қолдауы көрсетілді. Өрт ошағында ашық жану байқалмайды, жекелеген түтіндеу ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру басталғаннан бері әуе техникасы арқылы 243 рет су төгіліп, 546 тонна су жеткізілді, – делінген хабарламада.

Наверх