Семей-орманы табиғи қорығының аумағында дала өртеніп жатыр

22 Маусым 2022, 03:33
1456
Бөлісу:
Семей-орманы табиғи қорығының аумағында дала өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі "Грачев орманшылығы" Долон филиалының территориясынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18: 45-тегі мәлімет бойынша, шамамен 20 гектар алқапта қураған шөп, ағаштар өртенді, жақын елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 11 қызметкері, үш техникасы, орман шаруашылығының 30 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды, – делінген Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Семей-орманы табиғи қорығының аумағында дала өртеніп жатыр

Құтқарушыларға Семей қаласынан құрамында 18 адамы бар колонна мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы қосымша көмекке шыққаны айтылады.

Өзгелердің жаңалығы