Семей қаласында COVID-19-ды тағы 3 адам жұқтырған

30 Сәуір 2020, 11:20
1268
Бөлісу:
Семей қаласында COVID-19-ды тағы 3 адам жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған тағы 3 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.


Семей қаласында COVID-19-ды 3 адамның жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы 28 сәуір күні коронавирусты жұқтырғаны анықталған 1952 жылғы әйелмен үй ошағы бойынша жақын байланыста болған адамдар.

Олардың қатарында 2017 жылы туған бала бар. Қалған екеуі — 1988 жылғы әйел адам және 1989 жылы туған ер адам.

Қазіргі уақытта олар жұқпалы аурулар стационарына оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта.

Олармен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Эпиданамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған.

Қазіргі таңда ШҚО-да коронавирусты жұқтырған 20 адам тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген.


Өзгелердің жаңалығы