Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта әкімдік аумағы қоршалып, жабылды.
Белгілі болғандай, құқыққорғау органдарына Семей әкімдігі ғимаратына бомба қойылды деген қоңырау түскен.
Altaynews.kz хабарлауынша, қазір құзіретті органдардың қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиға орнында иттер мен кинологтар жұмыс істеуде.
Полицейлер бомба қойылғанын хабарлаған адамды іздестіруде.