Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңарады

28 Қаңтар 2020, 10:52
2416
Бөлісу:
Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова кепілсіз тұтынушылық кредиттердің қарқынды өсуіне жол бермеу және басқа да еліміздегі қаржы нарығын рететудің шараларын атап өтті.

Айтуынша, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жүйелі түрде, толық ауқымды негізде банк және сақтандыру секторларында тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізіледі.

Мемлекет басшысының 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларына сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келесі шараларды қабылдайды. Бірінші, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, банк жүйесін қалыпқа келтіру. 2020 жылдың ақпанында өткен жылы басталған банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады. Банк секторын қалыпқа келтіру, бюджет қаражатын пайдаланбай нарықтық жағдайларда провизиялар мен капиталдардың жеткілікті қорын жеткілікті құру арқылы жалғасады. Тиісті тәсілдер осы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін әзірленеді. Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жүйелі түрде, толық ауқымды негізде банк және сақтандыру секторларында тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізіледі. Бұл қадағалау Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес аясында Агенттік пен Ұлттық банктің бірлесіп жүргізілетін макропрудунциалық реттеу шараларымен күшейтіледі. Екінші, банк жүйесін қалыпқа келтіру банктердің экономиканы кредиттеуін ұлғаюына ықпал ететін болады. Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейту үшін, оның ішінде экономиканың басым салаларын кредиттеу бағдарламасы шеңберінде шаралар ұсынылады, - деді Мәдина Әбілқасымова Үкіметтің кезекті отырысында.

Агенттік төрағасы халық арасында ешқандай кепілсіз берілетін тұтынушылық кредиттердің өсіп кетпеуін бақылап отыратынын ескертті. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңаратынын айтты.

Үшінші, кепілсіз тұтынушылық кредиттердің қарқынды өсуіне жол бермеу. 1 қаңтардан бастап тұтынушылық кредит беруде тәуекелдерді шектеу бойынша заңнама нормалары қолданысқа енгізілді. Агенттік тұтынушылық кредит берудің қарқынды өсуін шектеу үшін қабылданған реттеуші шаралардың тиімділігіне мониторингті жалғастырады. Бірінші жартыжылдықта халықтың борыш жүктемесінің шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін қосымша реттеуші шаралар қабылданатын болады. Төртінші, мемлекет басшысының бүкіл қаржы секторын кешенді дамыту бойынша қойған міндеттерін ескере отырып, Агенттік қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңартып, 1 шілдеге дейін жаңа редакцияда қабылдайтын болады, - деді Әбілқасымова.
Өзгелердің жаңалығы