Сегізінші қабаттан құлаған әйел жедел жәрдемді өзі шақырған

6 Ақпан 2022, 17:56
1361
Бөлісу:
Сегізінші қабаттан құлаған әйел жедел жәрдемді өзі шақырған
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Ресейдің Якутск қаласында сегізінші қабаттағы үйінің терезесінен қарға құлаған әйел, үйіне өзі көтеріліп, жедел жәрдемді шақырған. Бұл туралы News.Ykt.Ru хабарлады. 

«Подъем» Telegram-каналында әйелдің құлаған сәтінің видеосын жарияланды.

Әйел 4 ақпан күні таңертең терезеден құлап кеткен. Кадрдан қарға құлаған әйелдің басы темір қоршауға тигенін көруге болады. «Подъем» Telegram-каналының мәліметінше, ол құламас бұрын сымнан ұстап үлгерген, соның арқасында жерге қатты екпінмен құламаған. 

Сегізінші қабаттан құлаған әйел орнынан тұрып, үйіне өзі көтерілген және жедел жәрдемді шақырған. Бұны жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі растады.

30 жастағы әйел аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, оның жамбас сүйектері зақымданған. Кейбір деректер бойынша, бұл әйел психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұр. 
 

Өзгелердің жаңалығы