Сегіз мың үлескердің мәселесін шешеміз - Алтай Көлгінов

6 Тамыз 2020, 16:14
1293
Бөлісу:
Сегіз мың үлескердің мәселесін шешеміз - Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграмдағы парақшасында осылай деп жазды. Сондай-ақ, қала әкімі биыл 20 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілетінін атап өтті.

Бүгін "Жағалау-3" 30 блок тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен таныстым. Өткен жылы үлескерлермен кездесіп, құрылысты аяқтау кестесін жасадық. Үйдің өзі 8 жыл бұрын салына бастады, бірақ шешілмеген мәселелер әлі де көп. Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешені - ең проблемалы нысан. Қазіргі уақытта үй 90%-ке дайын. Инженерлік желілер (су, жарық, кәріз) уақытша қосалқы стансаларға қосылды. Қазір қалалық қосалқы стансаға қосу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Үй жылыту маусымына дайын болады, - деп жазды елорда әкімі.  
Сондай-ақ, қала басшысы үйдің қасбеті, лифт орнату, абаттандыру секілді мәселелер шешіліп жатқанын, құрылысты аяқтап, осы блоктың үлескерлеріне кілттерді биыл жыл соңына дейін беруді жоспарлап отырғандарын жазды. 

Айта кетейік, бүгін, сондай-ақ №28 және №29 ТК блоктарының проблемалық мәселелерін шешу мәселесі де талқыланды.
Өзгелердің жаңалығы