Ақмола облысының Бурабай ауданында нөсер жауын мен күшті желден кейін көпқабатты үйдің шатыры ұшты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жайында жергілікті әкімдік мәлімет таратты.
Бүгін 7 шілде сағат 16:44-те Бурабай ауданының Щучинск қаласында қатты екпінді жел Ломоносов көшесі, 22 мекенжайындағы бес қабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті. Оның жанында орналасқан Интернациональная көшесі, 59-үйдің 8 пәтерінің терезесі мен балконының әйнегі сынды. Адамдар арасында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - деп хабарлады Бурабай ауданының әкімдігі.
Қаланың бүкіл қызметтері төтенше жағдай салдарымен жұмыс істеп жатыр. Бұл іске 14 адам және 4 техника жұмылдырылған.