Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жол желісі жаңартылып жатыр

15 Маусым 2022, 15:00
1104
Бөлісу:
Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жол желісі жаңартылып жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атап айтқанда, бүгінде Текекөл көлінен «Чебачье көлінің солтүстік айналма жолына» дейін жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын көлік жолының құрылысы жүргізілуде. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жол желісі жаңартылып жатыр

Қазіргі күнде 9 шақырым жолға асфальтбетон төселіп, тиісті жұмыстар орындалды.

Сондай-ақ «Бурабай – Қатаркөл» бағытындағы автокөлік жолында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Туристік маңызы бар елді мекендерді байланыстыратын жолдың жер қыртысын түзеу жұмыстары орындалып, ұзындығы 15 шақырымды құрайтын учаскеде асфальттық негіздің астыңғы және төменгі қабаттары төселді. Сонымен қатар 8 жаңа су өткізу құрылғысы орнатылды.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жол желісі жаңартылып жатыр

Бұдан бөлек, «Шучинск – Степняк – Уәлиханов» және «Нұр-Сұлтан қаласының шығыс айналма жолы – Сарыоба станциясы» бағытындағы автомобиль жолдарының негіздері мен жабындарын ауыстыру бойынша жұмыстар да іске асырылуда. Атап айтқанда, аталған жолдардағы иірімді учаскелерді жою, су өткізу құбырлары мен айналма жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп, ұзындығы 20 шақырымды құрайтын жаңа жол салынды.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жол желісі жаңартылып жатыр

Бүгінде «Жолымбет – Шортанды – Пригородное» (50-116 шқ), «Жалтыр – Макинск» (0-33 шқ) және «Ерейментау – Еркіншілік – Аршалы» (68-120 шқ) жолдарының учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары орындалуда. Қазіргі күнге дейін аталған учаскелердің 90 шақырымына жол негізі мен асфальтбетон жабыны орнатылып, 100-ге жуық су өткізу құрылғысы жөнделген.

Жол жөндеу жұмыстарының орындалу сапасы тапсырыс берушінің, техникалық қадағалаудың және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның тұрақты бақылауында. 

Өзгелердің жаңалығы